$ 494.87  520.65  4.91

Енді сергек камералары республикалық маңыздағы жолдарға орнатылатын болды

Бұл ауқымды іс келесі жылға жоспарланған.

Қазақстанда 2021 жылдың басынан бастап Sergek камералары республикалық жолдарға орнатылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Sputnik хабарлағандай, ҚазАвтоЖол жол ережесін бұзу фактісін тіркеп, оны әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне өткізуге мүмкіндік беретін жүйені енгізуді жоспарлап отыр. Оны Sergek компаниясы арнайы бағандарға орнатады.

Sergek компаниясы баған орнатады, оған камера орналастырылады және олар жол ережелерін бұзу фактісін бірден тікелей анықтап, әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне жеткізеді. Яғни, жол қауіпсіздігін сақтау бойынша республикалық жолдарда жұмыстар жүргізілуде, - дейді "ҚазАвтоЖол" АҚ басқармасының басшысы Ұлан Әліпов БАҚ-пен болған кездесуде.
Ол камералары бар осындай бағандар қазірдің өзінде қолданыстағы республикалық маңызы бар ақылы жолдарға орнатылып жатқанын атап өтті. Олар келесі жылдың наурыз-сәуір айларында іске қосылады деп жоспарланған.

Мысалы, Нұр-Сұлтан - Щучье тас жолында қозғалыс жылдамдығын анықтауға арналған камерасы бар баған бар. Осы камерадағы дерекке сәйкес, көптеген көлік бұл жолда сағатына 200 шақырымнан аса жылдамдықпен жүйткиді. Ал бұл жағдайда рұқсат етілген жылдамдық сағатына 140 шақырымды құрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары