14.12.2020, 16:40

Түркістан облысында 2 әйел газдан уланып, ажал құшты

Фото: ашық дереккөзі
Қайғылы жағдай Жетісай ауданына қарасты Жылысу ауылында болған.

Түркістан облысында екі әйел газдан уланып көз жұмды. Қайғылы жағдай Жетісай ауданына қарасты Жылысу ауылында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға туралы хабарлама 14 желтоқсан күні сағат 12:00-де түскен.

«Жылысу ауылында 1970 жылы 1958 жылы туған 2 жергілікті тұрғынның мәйіті табылды. Көршілерінің айтуынша, үй иесі газды үнемдеу үшін мұржаны жартылай жауып қойған. Қазіргі таңда қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталуда», - деді департамент қызметкерлері.