14.12.2020, 22:56

Назарбаевтың қауіпсіздік қызметінің басшысы тағайындалды

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының шешімімен Батырбек Бердібайұлы Байбосынов Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздік қызметінің басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Elbasy.kz сайты.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының шешімімен Батырбек Бердібайұлы Байбосынов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.