15-16 желтоқсан күндері Қазақстанның төрт өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с болуы мүмкін. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі. Батыстан жел соғады, күндіз кей жерде күші 15-20 м/с жетеді. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%.
Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман болады. Орал қаласында 15 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түседі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%.
Ақтөбе облысының кей жерінде тұман түседі. Ақтөбе қаласында 15 желтоқсанда түнде және таңертең тұман болады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%.