$ 446.49  475.38  4.79

«NurOtan»-мен бірге нұрлы болашаққа

«Nur Otan» бұл сайлауға нақты бағытын айқындап, тыңғылықты дайындықпен келді.

Бүгін қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Жансұлу Сиxамбаева « Бозарық » тұрғын алабының тұрғындарымен кездесті. Жиында аудан тұрғындарына қалалық Сайлауалды бағдарлама негізінде үгіт - насихат жүргізіп , тұрғындардың түйткілді мәселелері бойынша партияның 2025 жылға дейінгі бағдарламасының 10 бағыты таныстырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 


 

«Nur Otan» бұл сайлауға нақты бағытын айқындап, тыңғылықты дайындықпен келді. Биыл алғаш рет Праймериз өткізіліп, партиялық тізім праймериз жеңімпаздарынан жасақталды. Республика бойынша облыстық қалалық және аудандық деңгейдегі ел назарындағы мәселелер түгел қамтылған 216 сайлауалды бағдарлама әзірленді . Мұндай жағдай бұрын ел тарихында болмаған . Өз кезегінде Шымкент қаласының Сайлауалды бағдарламасы да праймериз кезеңінде тұрғындардан түскен ұсыныстар негізінде дайындалды. Атап айтқанда қала тұрғындарынан келген 685 ұсыныстың 98 пайызы «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалының Сайлауалды бағдарламасында көрініс тапты.

Айта кетейік, «Nur Otan» партиясының басты құндылығы қашанда — адам , оның жайлы және бакуатты өмір сүруі мен денсаулығы. Қазіргі күрделі жағдайда бұл айрықша маңызға. Осы орайда «Nur Otan» партиясы проблемаларды нақты түсінеді және әр азаматтың мүддесі үшін жұмыс істейтін қуатты ресурстарға ие.

Ескерту! Материалдың ақшасы Шымкент қаласындағы "Nur Otan" партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары