$ 447.4  477.55  4.76

Қазақстан-Қытай шекарасы жабылады

Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пунктері жабылады.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

2020 жылдың 16-17 желтоқсанында Қазақстан мен Қытай арасындағы шекарада автомобиль өткізу пунктері жабылады. 

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіндегілер айтты, деп жазады nege.kz порталы.

«2020 жылдың 16-17 желтоқсанында Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пунктері жабылады. Өткізу пункттері 2020 жылдың 18 желтоқсанында жұмыс істей бастайды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушылардан бұл шектеуді назарға алуға шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары