16.12.2020, 12:40

Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Фото: akorda.kz
Келесі жылы ел тарихының мерейлі 30 жылдығын атап өтеміз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

«Барша отандастарымызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Келесі жылы ел тарихының мерейлі 30 жылдығын атап өтеміз. Біз - бірлігі бекем, іргесі мығым елміз. Қасиетті Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін еңбек ету - қастерлі парызымыз», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.

Бүгін қазақстандықтар Тәуелсіздік күні мерекесін атап өтуде.