Бүгін «Томанов» Бастауыш партия ұйымының мүшерімен Қызылорда облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар онлайн кездесті. Кездесу барысында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!» деп аталатын «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына тоқталып, өңір экономикасының дамуын арттыратын жобалардың негізі бағыттарын бірге талқылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Онлайн жиында біраз мәселелер сөз болды. Өз кезегінде сөз алған облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Шәкизада Әбдікәрімов алдымызда ел болашағы үшін шешім қабылдайтын, үлкен жауапты кезең келе жатыр. Қай салаға болмасын қиын соғып тұрғаны анық. Әлемдік пандемия экономикалық тұрақсыздыққа әкеліп, көптеген жұмыс орындарының жабылуына себепкер болды. Партиямыз өңірлерді дамытып, халықты әлеуметтік қолдау бағытында ауқымды жобаларды жүзеге асыруды өз алдына міндет етіп отыр.
Сол міндеттерді әрбір тұрғынға жеткізуде партияның ядролық электораты болып табылатын бастауыш партия ұйымдары алдындағы жауапкершілік. Біз қиындықтарды еңсеріп, жеңіске жету мақсатын қойып отырмыз. Бұл жолда бір жеңнен қол, бір жағадан бас болып бірігіп, бірліктің озық үлгісін көрсетіп, бірге жеңіске жетейік», - деп түйіндеді.
Партияластармен Сайлауалды бағдарламаны халыққа жеткізудің жәй жапсарын ортақ талқыға салған «Томанов» бастауыш партия ұйымының төрағасы Гүлзира Еркебаева үміткерлерге сәттілік тілеп, ортақ мүдде жолында белсенді жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.
Ескерту! «Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.