$ 494.87  520.65  4.91

Елордада полиция қызметкерлері есірткінің таралуына қарсы акция өткізді

Олар түсіндірме жұмыстары барысында олар қала тұрғындарына санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін ескертті.

Елордада еріктілер, полиция қызметкерлері және есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің өкілдері есірткінің таралуына қарсы акция өткізді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара барысында мыңға жуық анықтама телефон нөмірлері жазылған буклеттер таратылып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Волонтерлерден тұратын мониторинг тобы, полиция департаменті және есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлері «Есірткіге жол жоқ!» буклеттерін тарату бойынша акция өткізді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар түсіндірме барысында олар қала тұрғындарына санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін ескертті.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары