Қазақстанда халық саны 18 833,1 мың адамға жетті. Мұндай деректі Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2020 жылғы 1 қарашада елімізде халық саны 18 833,1 мың болды.
«Оның ішінде қалалықтар – 11 109,8 мың (59%), ауылдықтар – 7 723,3 мың адам (41%). Ерлердің саны 9 136,8 мыңға жетсе, әйел саны көбірек - 9 696,3 мың» делінген таратылған ақпаратта.
Комитет мәліметінше, 2019 жылғы 1 қарашамен салыстырғанда халық саны 240,4 мыңға немесе 1,3 пайызға өскен.
Қарастырылып отырған кезеңде ең үлкен өсім еліміздің 3 өңірінде тіркелді.
Олар - Алматы (64,8 мың адам), Нұр-Сұлтан (48,9 мың адам) және Шымкент қалалары (36,4 мың адам).