17.12.2020, 23:17

Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Фото: ашық дереккөзі
Тұман және көктайғақ болады деп болжап отыр.

Еліміздің сегіз өңірінде тұман мен бұрқасын салдарынан дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz.

Қазгидромет мәліметінше, 18 желтоқсан күні Маңғыстау облысында көктайғақ болып, тұман түседі. Ақтауда ертең түнде және таңертең көктайғақ болжануда.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Орал қаласында 18 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысында синоптиктер төменгі бұрқасын, тұман және көктайғақ болады деп болжап отыр. 

Қарағанды облысында кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады.

18 желтоқсанда Ақмола облысында боран соғады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Жел екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.

Қостанай облысында боран соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласында 18 желтоқсанда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысында да тұман түсіп, боран соғады. Оңтүстік-батыстан түнде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерді екпіні секундына 25 метрге жетеді.

18 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман сақталады.Еліміздің сегіз өңірінде тұман мен бұрқасын салдарынан дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазгидромет мәліметінше, 18 желтоқсан күні Маңғыстау облысында көктайғақ болып, тұман түседі. Ақтауда ертең түнде және таңертең көктайғақ болжануда.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Орал қаласында 18 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысында синоптиктер төменгі бұрқасын, тұман және көктайғақ болады деп болжап отыр. 

Қарағанды облысында кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады.

18 желтоқсанда Ақмола облысында боран соғады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Жел екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.

Қостанай облысында боран соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласында 18 желтоқсанда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысында да тұман түсіп, боран соғады. Оңтүстік-батыстан түнде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерді екпіні секундына 25 метрге жетеді.

18 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман сақталады.