$ 446.49  475.38  4.79

COVID-19: Әлем бойынша бір тәулікте 642 мың адамнан коронавирус анықталды

Соңғы 24 сағат ішінде COVID-19 вирусынан 12 407 адам көз жұмды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, соңғы 24 сағат ішінде коронавирустан әлем бойынша 12 407 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қауіпті вирус жұқтырғандардың жалпы саны 72 851 747 адамға жетті.  

«COVID-19 вирусын жұқтырғандардың 45%-дан астамы Америкаға (291 600) тиесілі болып отыр. Індет АҚШ, Бразилия және Аргентина елдеріне кеңінен тарауда. Коронавирус жұқтыру жағдайлары бойынша екінші орында Еуропа (269 527) тұр. Әсіресе Ресей, Франция және Ұлыбритания елдерінде инфекция жұқтыру жағдайлары көп тіркеліп жатыр. Сондай-ақ үшінші орын Азия аймағына тиесілі (34 284)», - делінге ДДСҰ хабарламасында.

Бүгінгі таңда Америка Құрама Штаттарында коронавирус инфекциясын жұқтырудың жалпы саны 17 млн адамнан асып кеткені белгілі болды.  

Айта кетсек, Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 144 523 адамға жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары