Күні кеше Франция президенті Эммануэль Макрон коронавирус жұқтырғандығы туралы жаңалық тараған болатын. Осы орайда, ҚР-ның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Макронға коронавирустан жазылып кетуді тіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. "Президент Эмманюэль Макронға тезірек сауығып, Францияның игілігі жолындағы белсенді қызметін жалғастыруына тілектеспін. Халықаралық қауымдастық күш-жігер біріктіре отырып, коронавирус індетін еңсереді деп сенемін", - деп жазды президент Twitter-дегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, Франция президенті барлығына қолданылатын қолданыстағы санитарлық ережелерге сәйкес 7 күн оқшауланады. Ол қашықтан жұмыс істеуді және өз қызметін жүзеге асыруды жалғастырады.