$ 444.32  473.33  4.76

Шымкент: Үміткерлер «Тұрлан» тұрғын алабының тұрғындарымен жүздесті

Мұндағы жұрт, жарықтың жиі сөнуі және ауыз су бағасының қымбаттығын жеткізді. Үміткерлерге үміт артқан  тұрғындар осы мәселелерді шешіп беруін сұрады.

Бүгін Шымкент қалалық маслихат депутаттығына үміткерлер Нұрғазы Бұхарбаев және Айгерім Жұмағұлова сайлауалды үгіт-насихат іс-шарасына сәйкес  Абай ауданына қарасты Тұрлан тұрғын алабының тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 Кездесу барысында жергілікті жұртқа «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, алдағы бес жылдық жұмыс жоспары баяндалды. Шымкент қалалық маслихат депутаттығына үміткерлер тұрғындарды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. 

Өз кезегінде, елді мекен халқы өздерінің көкейде жүрген сауалдарын да жолдады. Мұндағы жұрт, жарықтың жиі сөнуі және ауыз су бағасының қымбаттығын жеткізді. Үміткерлерге үміт артқан  тұрғындар осы мәселелерді шешіп беруін сұрады. Айтылған мәселелердің барлығы тізімге алынып, алдағы уақытта шешімін табатыны жеткізілді. Жалпы кездесуге келген тұрландықтар «Nur Otan» партиясын қолдайтындарын айтты. 

Ескерту! Материал ақысы «Nur Otan» партиясы Шымкент  қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары