Ванга "бес екі қатар келген күні" қорқынышты апат болады деп болжаған. Бұл 2020 жылдың 22 желтоқсаны туралы болып отыр, деп хабарлайды zakon.kz.
"Челнинские Известия" басылымының хабарлауынша, көріпкел бұл Жер тарихындағы ең қауіпті күн деп атады.
Болгариялық көріпкел пандемия туралы білген. Ол бұл туралы бір жыл бұрын, желтоқсан айында мәлімдеді. Сол кезде оған ешкім сенбеді, - дейді көріпкелдің досы Сергей Косторной.
Осылай деген Косторной енді пандемиямен қауіптің аяқталмайтынын, жағдай одан да нашарлайтынын айтып отыр. Оның айтуынша, 21 және 22 желтоқсанда Күн планетасында жарылыс болады деп күтіледі.
Осы сәт туралы Ванга былай деді: Біз күн сәулесіне малынамыз, айналаны қара түнек басып, Күн құлайды, - деп еске алады ол.
Косторной астрономиялық құбылыс технологияға емес, адамдардың психикасына және олардың ақыл-ойына әсер етеді деп болжайды.