21.12.2020, 13:00

Елімізде «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады

Кешен базасында кезең-кезеңімен 2 млн доза вакцина өндіріледі.

 ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қарағанды фармацевтикалық кешеніне барды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің арасындағы уағдаластықтарды іске асыру аясында «Спутник V» вакцинасын өндіруді бастап берді, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

 Кешен базасында кезең-кезеңімен 2 млн доза вакцина өндіріледі.

 «Қазақстанда өндірілген “Спутник V”-мен жаппай вакцинация 2021 жылыы ақпан айында басталады. Бірінші кезекте екпе ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтер, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті, сондай-ақ созылмалы аурулары бар қауіптілік топтарының өкілдеріне салынады», — деді А. Мамин.

 ҚР Премьер-Министрі Қазақстанда «Спутник V» вакцинасының өнеркәсіптік өндірісін жергіліктендірудің ерекше маңыздылығын атап өтті.