Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен ЮНФПА жастарға маңызды репродуктивті денсаулық туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін арнайы вебсайтты, сондай-ақ мобильді қосымшамен Telegram желісінде чатботты іске қосты. Бұл байланыс өнімдері жастарға қызмет көрсету жүйесінің бөлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен БҰҰ Тұрғын халық саласындағы (ЮНФПА) қоры Қазақстандағы жасөспірімдердің жасына сәйкес, жастарға және олардың ата-аналары үшін репродуктивті денсаулық туралы ақпарат беретін байланыс пакетін іске қосты. Оның ішінде веб-сайт, мобильді қосымша (мобильды қосымша 1 қаңтардан бастап іске қосылмақ) және Telegram каналындағы чат-бот бар.. Бұл құралдар Қазақстан Үкіметінің қолдауымен жастардың денсаулығы мен әл-ауқатына инвестиция салуды жалғастыру мақсатында дайындалған. Аталмыш жоба - ұлттық стратегияларда көрсетілген, сонымен қатар Найроби саммитінде жарияланған жастарға қызмет көрсету жүйесін нығайту және институттандыру қадамдарының бірі.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ЮНФПА жастардың репродуктивті денсаулығының беделін көтеру және Жастар денсаулық орталықтарын (ЖДО) нығайту бойынша үлкен жетістіктерге жетті. Алайда, деректер көрсеткендей, егер біз алға басқан прогресті жетілдіріп, ұзақ мерзімді мақсаттарға жету үшін көп нәрсе жасауымыз керек.
Байланыс өнімдерінен басқа, жастарға арналған қызметтерді күшейту мақсатында тұрақты даму стратегиясын әзірлеумен қатар елдегі Жастар денсаулық орталықтарын қаржыландыруды қамтиды. Сонымен қатар ЖДО мамандарының жұмысын регламенттейтін бірқатар хаттамалар дайындаумен психологиялық және заңдық кеңес беруде бар. Жастар орталықтарын білім мен озық тәжірибені басқа ұйымдарға беретін «ресурстық» институттарға айналдыру үшін қолдау көрсетілмек.
«Жастар денсаулық орталығы кәмелетке толмағандарға медициналық-психологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне айналмақ. Олардың басты мақсаты - жасөспірімдер мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және репродуктивті денсаулықты қорғау, оның ішінде ерте жыныстық белсенділікті алдын алу, контрацептивтерді қолдану, қалаусыз жүктілікті алдын-алу, отбасын жоспарлау және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы ақпараттандыру», - деді денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният. Денсаулық сақтау министрлігі ЮНФПА-ның қолдауымен өткізген зерттеуі көрсеткендей, 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдердің 30%-ы жыныстық қатынаста, бірақ көпшілігі контрацепцияны пайдаланбайды, ал басым көпшілігі (90%) АҚТҚ және ЖҚТБ туралы жан-жақты білімге ие емес. Тағы бір зерттеуде жастар мен олардың ата-аналары жыныстық және репродуктивті денсаулық саласында көбірек ақпарат қажет екендігі туралы хабарлады, сонымен қатар бұл салада нақты ақпарат алуда қиындықтар бар екенін айтты.
"Жастардың жыныстық және репродуктивті денсаулығына инвестиция салу сонымен қатар олардың өз денсаулығы туралы саналы шешімдер қабылдау, некеге тұруды кейінге қалдыру және жүктілікті жоспарлау құқығын қоса алғанда, өз құқықтарын білу және жүзеге асыру, жыныстық қолсұғушылықтан бас тарту құқығы, консультация алу құқығы, АИТВ-ны қоса алғанда, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу және емдеу құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді білдіреді. Жастарға сай, нақты және заманауи ақпарат, сондай-ақ жастарға арналған денсаулық сақтау қызметтері осы құқықтарға қол жеткізудің кілті болып табылады. Бүгін шығарылған коммуникациялық өнімдер жастарға өз денсаулығын қалай қорғауға және саналы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін тағы бір қадам болады деп үміттенеміз», - деді БҰҰ-ның халықты қоныстандыру саласындағы қорының Қазақстандағы өкілі (ЮНФПА), Қырғызстан мен Түрікменстан үшін елдік директоры Джулия Валезе.
«Шын» (қазақша аударғанда «Шынымды айтсам») деп аталатын веб-сайт, мобильді қосымша және Telegram каналындағы чат-бот Қазақстандағы ЮНФПА-ның техникалық қолдауымен және аталмыш ұйымның Нью-Йорктегі пәтерінің көмегімен, сондай-ақ, ұлттық сарапшылар тобымен бірлесіп құрылды. Веб-сайт, мобильді қосымша және Telegram каналындағы чат-бот екі тілде - қазақ және орыс тілдерінде қол жетімді.
Байланыс өнімдеріне қалай қол жеткізуге болады:
Веб-сайт - https://shyn.kz/ Telegram каналындағы чатбот - @shynkzbot
«Shyn.kz» мобильді қосымшасын PlayMarket-тен жүктей аласыз (тек Android ұялы телефондары үшін қол жетімді) – 2021 жылдың 1 қаңтарында іске қосылмақ.
Қосымша ақпарат алу үшін Дина Тельтаевамен teltayeva@unfpa.org электрондық поштасы арқылы немесе телефон арқылы хабарласыңыз: 8701 7654010