Аудандық мәслихат депутаттығынан үміткер Абдирасул Юсупов «Есіктен есікке» акциясы аясында Қарасу ауылдық окрігі, Ақбай елді мекенінінің тұрғындарымен жүздесті.
Мақсат – «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттау. Ақбайлық тұрғындардың тұрмыс-тіршілігімен, толғандырған мәселелерімен танысу.
«Жаңа бағдарлама – аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы.
Бағдарлама қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру, аймақтардың экономикалық әлеуетін арттыру және тағы басқа көптеген өзекті мәселелерді қамтиды», - деді А.Юсупов.
Сондай-ақ, Сайрам ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына тоқталды.
А.Юсупов: «Бағдарлама жеті басым бағыттан тұрады. Олар: экономикалық тұрақты, тұрғындарға ыңғайлы әрі қолайлы, әлеуметтік қызметке бағдарланған аудан құру, сондай-ақ жастарды жан-жақты қолдау, ашық және есеп беретін жергілікті органдар құру, тарих пен мәдениетті дамыта отырып, тұрғындар үшін қауіпсіз аудан қалыптастыру.
Экономикалық тұрақты аудан бағдарламасы аясында кәсіпкерлік саласын қолдау, ауылшаруашылық саласын дамыту, сол арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашу көзделген.
Ал, жайлы аудан бағдарламасы шеңберінде тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, тұрғын үймен қамту, елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту жоспарланған. Мәселен, 2025 жылға дейін кезектегі 300 отбасы, оның ішінде жастар мен әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар мен аса қамқорлықты қажет ететін отбасылар тұрғын үймен қамтамасыз етілмек.
Бүгінгі таңда Сайрам ауданында 42 елді мекеннің 41 ауылы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген, яғни 97,6% құрайды. Сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 1321,6 шақырымды құрайды.
Біз 2025 жылға дейін аудан тұрғындарын орталықтандырылған ауыз сумен 100% қамтамасыз ету және ауыз су кестемен берілетін елді мекендерді үздіксіз ауыз сумен қамту міндетін қойып отырмыз» деді және басқа да бағдарламалар аясында көптеген жұмыстар жасалмақ, бұлардың барлығы 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен іске асатынын тілге тиек етті.
Акция аясында «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері тұрғындарға «Қазақстанның басты 7 жетістігі» мен «Nur Otan-ға дауыс бер», «Жаңа жетістіктерге бірге жетеміз!» атты үнпарақтар үлестірді.
Ескерту! «Nur Otan» партиясы «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.