$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстау облысында 6 және 11 жастағы ағайынды балалар құдыққа құлап көз жұмды

Жағдайдың себептері анықтау жұмыстарын жүргізуде.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданында орналасқан Батыр ауылында жеке тұрғын үй ауласында жатқан құдыққа екі бала құлап кетіп көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

6 және 11 жастағы балалар бір үйде тұратын ағайындылардың балалары екен. Қайғылы жағдай бүгін 15:30 шамасында болды.

Ауыз су құдығының тереңдігі 2 метр, 1,8 метр тереңдікте суы бар. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері болған жағдайдың себептерін анықтау жұмыстарын жүргізуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары