Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданында орналасқан Батыр ауылында жеке тұрғын үй ауласында жатқан құдыққа екі бала құлап кетіп көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
6 және 11 жастағы балалар бір үйде тұратын ағайындылардың балалары екен. Қайғылы жағдай бүгін 15:30 шамасында болды.
Ауыз су құдығының тереңдігі 2 метр, 1,8 метр тереңдікте суы бар. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері болған жағдайдың себептерін анықтау жұмыстарын жүргізуде.