22 желтоқсандағы елдегі эпидемиологиялық аухал бойынша Нұр-Сұлтан мен БҚО «сары» аймаққа кірді, хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметіне сәйкес, 21 желтоқсандағы жағдай бойынша «қызыл» аймақта Атырау облысы, ал «сары» аймақта Қостанай, Ақмола, СҚО мен Павлодар облыстары тұрған. Қалған өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта еді. Ал бүгін таңертең Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы «сары» аймаққа Нұр-Сұлтан мен БҚО кіргенін жария етті.
Атырау облысы әлі де «қызыл» аймақта тұр. Яғни бүгінгі таңда «сары» аймақта бес өңір мен бір қала, ал «қызыл» аймақта бір облыс бар. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл аймақта».