$ 494.87  520.65  4.91

Apple компаниясы көлік шығармақ

Автомобильдің аккумуляторлық батареясы сапар ұзақтығын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Америкалық Apple корпорациясы 2024 жылы ұшқышсыз жолаушылар көлігін шығаруға ниетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, компания 2014 жылы Titan жобасының аясында көлік шығару ісін қолға алған.

Қазір Apple аккумуляторға ерекше дизайн жасауға назар аударып отыр. Ол үлкен, бір ұялы батареядан тұрады. Және бірнеше ұяшықтары бар кеңінен қолданылатын батареяларға қарағанда энергияны көп қажет етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#автокөлік #Apple