22.12.2020, 12:40

Еліміздің бас шыршасы қашан жағылады?

Жаңа жыл қарсаңында елорда тұрғындары үшін бейне құттықтаулар ұйымдастырылады.

22 желтоқсан сағат 20:00-де Нұр-Сұлтанда қаладағы барлық жаңажылдық шырша жанады. Қала аумағында олардың саны 30-дан асады. «Ғажайып шырша» қысқаметражды фильмі сағат 19:50-де «Хабар» телеарнасынан көрсетіле бастайды, ал 20:00-де ЭКСПО-да орналасқан бас шыршаны жарықтандыруға арналған дайындалған бейнеролик көрсетіледі.

Он минуттық фильмнің өзі игі істер, жануарларға деген сүйіспеншілік пен қамқорлық, ата-аналарға деген құрмет пен қамқорлық, отбасылық құндылықтар сияқты бірнеше новелладан тұрады.

Сондай-ақ 22 желтоқсанда «Үйдегі шыршаны безендіру» флешмобы аясында азаматтарды 22 желтоқсанда сағат 20:00-де өз үйлерінде шыршаны жағуға қатысуға шақыратын бейнеролик жарияланды. Бұл флешмобқа кез келген адам телефонға видео немесе фото түсіріп, әлеуметтік желілерге орналастыра отырып, Нұр-Сұлтан әкімдігінің парақшасын белгілей отырып, #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни, #Моднобытьдобрым хэштегімен жариялай алады.

Жаңа жыл қарсаңында елорда тұрғындары үшін бейне құттықтаулар ұйымдастырылады. Оған танымал адамдар, қазақстандық эстрада жұлдыздары, актерлер және т.б. қатысады.

Тегтер: Жаңа жыл шырша