23.12.2020, 07:33

23 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы

Фото: ашық дереккөзі
Сәрсенбі күні еліміздің басым бөлігінде тұман, қар, көктайғақ болады.

23 желтоқсанда республиканың солтүстік жартысында, шығысында және қиыр оңтүстігінде қар жауады, жел күшейеді. Жаяу бұрқасын соғады. Қазақстанның қалған аумағына жауын-шашын жаумайды. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, оңтүстікте – көктайғақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде жел екпіні - 15-20, күндіз - 23-28 м/с жетеді. Кей жерлерде жаяу бұрқасын көтеріліп, тұман түседі.

Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Боран соғады.

Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Түркістан облысында – көктайғақ.

Тегтер: ауа райы