$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте сегізінші қабаттан құлаған бозбала тірі қалды

Дәрігерлер баланың жағдайы аса ауыр деп отыр.

Шымкентте 12 жасар бала көпқабатты үйдің сегізінші қабатынан құлап кетті, деп жазады Otyrar.kz.

Оқиға Шымсити шағынауданында болған.

Дәрігерлер баланың жағдайы аса ауыр деп отыр. Тірі қалғанымен, ол қазір жансақтау бөлімінде. Оның өміріне болжам айта алмаймыз дейді ақ халаттылар.

Баланың терезеден қалай құлап кеткені белгісіз. Оның ата-анасы оқиға кезінде қайда болғаны да әлі айтылмады. Бұл іспен полиция айналысып жатыр және олар әзірге ешқандай мәлімет берген жоқ.

Ал көршілері оқиға болған кезде үйде қыздың ата-анасы болған жоқ дейді. Оқушыға қарауға анасының туысы келген көрінеді. Бірақ ресми орган бұл ақпаратты әлі растаған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары