23.12.2020, 11:20

Қазақстанда алдағы үш күнде сынап бағаны 38 градусқа дейін төмендеп, күн аяздайды

Фото: ашық дереккөзі
Алдағы үш күнге арналған ауа-райы болжамы.

"Қазгидромет" РМК 24-26 желтоқсанға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Еліміздің солтүстік аймағында ауа температурасының аздап көтерілуіне әкелген циклон Қазақстанды тез басып өтіп, өзге өңірлерге ойысты. Оның орнына Арктикалық ауа массалары бар Карс теңізінің суық антициклоны ел территориясына қарай жылжуда, ол ауа температурасының 25 желтоқсаннан бастап, қатты төмендеуіне әкеліп соғады, мысалы солтүстік облыстарда түнде сынап бағаны 30-38 градусқа дейін төмендеп, күн аяздайды, деп хабарлайды синоптиктер.

Тегтер: ауа райы аяз