$ 499.51  525.83  4.62

Шымкентте 5 жасар қызды зорлаған күдікті қамауға алынды

Шымкенттің Әл-Фараби аудандық соты 5 жасар қызды зорлады деп күдікке ілінген 34 жастағы облыс тұрғынын 2 айға қамауға алуға шешім шығарды. Күдікті сотқа дейін осы абақтыда отыратын болады.

Судья Ғани Байарыстановтың айтуынша, алғашқыда "баланы азғыру" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алайда, жәбірленушінің зорланғаны анықталған соң қылмыстық іс 120 бапқа (зорлау) ауыстырылыпты. Педофил сәбидің жыныс мүшесіне зақым келтірген. Ол арам ойын жүзеге асырып жатқан тұста қыздың ағасы келіп, оны қолға түсірген.

Ұсталған азамат Ордабасы ауданының тұрғыны, 1982 жылы туған. Үйленген және бала-шағасы бар. Ол ішімдікке тойып, кешкі сағат сегіздер шамасында әткеншекте отырған қызды көтеріп алып кеткен. Мұны көрген өзге балалар ересектерге хабар беріпті.

Алғашында тексеру жүргізген дәрігерлер қыздың зорланбағанын айтқан еді. Алайда, қайта жүргізілген тексеруден кейін 5 жасар сәбидің зәбір көргені анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары