$ 447.4  477.55  4.76

Түркияда ірі алтын кен орны табылды

Кеніштегі Алтынды алдағы екі жыл ішінде өндіру жоспарлануда.
Фото:forbes.kz
Фото:forbes.kz

Түркия аумағында мөлшері 3,5 миллион унцияға (шамамен 99 тонна) бағаланатын ірі алтын кен орны табылды, деп хабарлайды Stan.kz Reuters-ке сілтеме жасай отырып.

Тоқаев Ұлттық қор активтерінің бір бөлігін алтынға ауыстыру туралы жарлыққа қол қойды

Алтын кен орындары Түркияның Мармара теңізі аймағында түрік тыңайтқыш өндірушісі Gubretas-қа тиесілі кеніш аумағында Сегут қаласында табылды.

Anadolu мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлағандай, қымбат металл кен орындары 6 миллиард долларға бағаланады.

Gubretas өкілі Фахреттин Пойраздың айтуынша, ашық кен орны әлемдегі ең ірі алтын кен орындарының бестігіне кіреді.

"Біз өте қуаныштымыз, бұл ел экономикасы мен өңіріміздің дамуына қосқан зор үлесіміз. Биледжикте көптеген пайдалы қазбалар болды. Бірақ мұндай бай алтын қор бізді қатты қуантты", - деді Биледжик губернаторы Билал Сентурк.

Кеніштегі Алтынды алдағы екі жыл ішінде өндіру жоспарлануда.

Бұған дейін Түркия тұрғындары жаппай алтын сатып алған, ал тамыз айында ел Қара теңізде тарихындағы ең үлкенгаз кен орнының ашылғанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары