$ 499.51  525.83  4.62

Астана дәмханаларының бірінде жарылыс болды (ВИДЕО)

Астанада донер пісіріп сататын дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылды деп хабарлайды Tengrinews.kz елордалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылар хабарлағандай, оқиға 15 шілде күні күндізгі сағат 12:30 шамасында орын алған. "Оқиға орнына өрт сөндірушілер келгенде газ баллонының жарылып, арты өртке ұласқаны анықталды. Тілсіз жау "Дархан" дәмханасына жапсарлас салынған донер жасайтын орталықта орын алған", - делінген Астана қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Өрт сағат 12:54-те ауыздықталды. Қызыл жалынмен күресуге 7 дана техника мен 23 адам жұмылдырылған. Өрт салдарынан 22 жасар аспасздың қолы мен беті күйіп қалыпты. Ол ауруханаға жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео