Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны өзінің балаларын бұзықтығы үшін қатаң түрде жазалауды шешкен, деп хабарлайды zakon.kz.
23 желтоқсанда сағат 21.20-да бір жанашыр әйел полицияға хабарласқан. Ол көршісінің 6 жасар ұлын ұрып, ал 8 жасар қызын жалаңаш көшеге шығарып жібергенін айтты.
Полиция қызметкерлері 35 жастағы әйелді анықтады, ол көршісінің киім жаюға арналған қыстырғыштарды сұрамастан алып, ойнаған балаларын осылай жазалағысы келгенін түсіндірді. Отбасы Нұр-Сұлтан қалалық ПД-ның Ювеналды полициясына тіркеуге алынды, деп хабарлады елордалық ПД. Қазіргі уақытта бұл жағдайды полиция қызметкерлері мен Нұр-Сұлтан қалалық білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық органдарының заңды өкілдері объективті шешім қабылдау үшін жан-жақты зерттеп жатыр.