Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы «Nur Otan» партиясы атынан мәслихат депутаттығына үміткерлердің «Бекзат» ЖШС қызметкерлерімен онлайн форматта агитациялық кездесуі өтті.
Атаулы іс-шараға үміткерлердің қатарында Талғат Мамықанов, Саят Батпенов, Талғат Қожахметов болды. Конференция барысында үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, оның негізгі бағыттарын атап көрсетті. Шешілуге тиісті мәселелердің қатарында шағын және орта бизнесті дамыту, елордадағы кәсіпкерлікті жолға қою, жаңадан ашылған аудандарда жаңа білім ордаларының салынуы және тұрғын үйдің қолжетімділігі болды.
Шағын және орта бизнестің 17 басымдығының біріне назар аударған Талғат Мамықанов:
«Салық режимін жақсартып, жаңа бизнесті жаппай ашуға жағдай мен қолдау қажет. Бизнесті рұқсатсыз тексерулерден қорғауда аса маңызды деп есептеймін”-, деді өз кезегінде.
«Қаралған барлық мәселелер біздің сайлауалды бағдарламамызда қарастырылған және де бұл сұрақтардың жауабы жақын арада өз шешімін табады»-, деп пікір білдірді Саят Батпенов.
Нұр-Сұлтан қаласындағы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.