Азия футбол федерациясының шешімімен қазақстандық Бауыржан Исламханның қанына тыйым салынған препараттың табылуына байланысты екі жылға футболдан шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жөнінде белгілі спорт журналисі Айдын Қожахмет өзінің Telegram каналында хабарлады
Естеріңізге сала кетелік, Бауыржан Исламхан биыл Біріккен Араб әмірлігінің «Аль-Айн» командасына ауысқан болатын. Ол аталған клубтың АФК Чемпиондар лигасындағы кезекті ойынынан кейін допинг сынамасын тапсырды. Сынамада тыйым салынған препарат анықталды. Бұдан кейін қазақстандық футболшы «Аль-Айн» командасының ресми бірнеше ойынынан шеттетілді .
Бауыржан Исламхан өзінің кінәсіздігін дәлелдеу мақсатында тиісті орындарға шағым түсіретінін мәлімдеді.