Бүгін, Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалының Сайлауалды штабының мүшесі Есенбек Салдарбекұлы Серкебаев М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың профессорлық-оқытушылар ұжымына Серкебаев Есенбек Салдарбекұлы Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, оның басым бағыттарына тереңірек тоқталып өтті.
Жер жаһанды, соның ішінде біздің де елімізді жайлаған төтенше жағдай мемлекеттердің қоғамдық-саяси өміріне күтпеген өзгерістер алып келді. Орын алған пандемия мен карантин уақытында еліміздегі басқа партиялар мен қоғамдық институттарға қарағанда Nur Otan партиясы халықтың әлеуметтік жағдайын қолдауда ұтымды бастамалар ұсынды. Оған дәлел, праймериздің уақтылы және әділ өтуі – деп айтып өтті Есенбек Салдарбекұлы.
Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы – партияның қолға алған реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бағдарлама – аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығынан тұрады.
Бүгінгі таңда партиямыздың өзіндік дәстүрі, қол жеткен табысы мен тәжірибесі бар. Партияның республикалық сайлауалды бағдарламасы – тұңғыш рет еліміздің барлық аймақтық бағдарламаларында көрсетілген. Бұл өз кезегінде, алға қойған міндеттерді еліміздің кез келген өңірінде, барлық деңгейде тиімді іске асыруға мүмкіндік береді. Nur Otan партиясы елді жаңғырту мен барша қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін арттыру бағдарын берік ұстанған.
Есенбек Салдарбекұлы сөзінің соңында, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың профессорлық-оқытушылар құрамын алдағы сайлауда Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды. Nur Otan партиясына дауыс беру арқылы, қазақстандықтар бейбіт өмір, тұрақтылық пен жарқын болашақ үшін дауыс беретінін жеткізді.
Қашан да «Nur Otan» партиясының басты құндылығы — адам, оның жайлы және бақуатты өмір сүруі мен денсаулығы. Қазіргі күрделі жағдайда бұл айрықша маңызға ие.
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз.
«Nur Otan» нақты істер партиясы!
Шымкент қаласындағы "Nur Otan" партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.