ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің жалақысының өсетінін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Биылғы жылы жалақыны 25% көтеру міндеті қойылды, біз бұл міндетті орындадық. Келесі жылы қаңтардан бастап барлық мұғалімдердің жалақысы тағы 25 пайызға көтеріледі. Мұғалімдердің жалақысын көтеру туралы бұйрық тек мектеп мұғалімдерін ғана емес, мұнда біз балабақшалардың, колледждердің, қосымша білім беру жүйесінің мұғалімдерін де қамтитынын ескертеміз, - деді Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, мұғалімдер үшін қосымша ақы да қарастырылған.
Мұғалім жататын санатына байланысты жалақысының 30-дан 50% -на дейін қосымша ақы да ала алады.