Нұр-Сұлтанда 25 желтоқсаннан бастап гипермаркеттер мен супермаркеттерге тәулік бойы жұмыс істеуге рұқсат етілді деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Елорда әкімі Алтай Көлгінов үлкен кезектердің пайда болуына жол бермеу үшін жаңа жылдық мерекелер қарсаңында объектілерді тәулік бойғы жұмыс режиміне ауыстыруға рұқсат беруді тапсырған.
"Мереке қарсаңында дүкендерде келуші саны көбеюі байқалады. Үлкен кезектердің пайда болуына жол бермеу үшін жарлықта жаңа жұмыс кестесі белгіленді. Аумағы 2 мың шаршы метрден асатын супермаркеттер мен гипермаркеттер жұмыс уақытында шектелмейді.
Келушілер саны 30% -дан аспауы керек. Жер-жерлерде объектілердің басшылары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып жұмысты ұйымдастыруы керек", - деді қаланың санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.
Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанда 26 желтоқсаннан бастап қаланың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның қаулысымен кинотеатрлардың санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес жұмыс істеуіне рұқсат етілді.
Сонымен қатар мереке қарсаңында мейрамханалардың, кафелердің, барлардың, асханалардың жұмыс уақыты үлкен кезектер туындауына жол бермеу мақсатында 24 сағатқа дейін ұзартылады. Бұл ретте ғимарат ішінде 30 орыннан артық болмауы, санитарлық-эпидемиологиялық, санитарлық-профилактикалық шараларды сақталуы, үстелдер арасында кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтық сақталуы, әр үстелге 4-6 адамнан артық отырғызылмауы керек.