Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева астаналықтар қандай жағдайда жаңажылдық отшашу ұйымдастыра алатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оның айтуынша, жаңа жылға арналған мерекелік отшашуды астаналықтар санитарлық және эпидемиологиялық ережелерді сақтаған жағдайда ғана ұйымдастыра алады.
"Жаппай іс-шара болса, адамдар көп жиналып кетсе рұқсат етілмейді. Бір отбасы ұйымдастырса ғана рұқсат", - деді бас санитар дәрігер.
Бұған дейін Қалалық білім басқармасының басшысы мереке күндеріне сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмыс кестесін жариялаған болатын.