25.12.2020, 16:20

Ресейдің 3 млн-ға жуық тұрғыны коронавирус жұқтырған

Фото: ашық дереккөз
Науқастардың көбі Мәскеуде тіркелген.

Ресейде кейінгі тәулікте 29 018 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды РИА Новости.

Дереккөз мәліметінше, олардың 15,7 пайызында коронавирустың симптомдары анықталмады. 

Науқастардың көбі Мәскеуде тіркелген. Онда кейінгі тәулікте 7 315 науқас тіркелген.

Осылайша, Ресейде пандемия басталғалы 2 992 706 адамнан коронавирус анықталған. 53 мың науқас қайтыс болып, 2,4 миллионға жуық адам емделіп шыққан.

Тегтер: коронавирус