27.12.2020, 00:33

«Аяз, көктайғақ, тұман»: еліміздің 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: ашық дереккөзі
Шымкент қаласында> сондай-ақ тұман, көктайғақ болжанады.

Қазгидромет» РМК 27 желтоқсан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Атап айтқанда, Атырау облысының> кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз оңтүстіктен жел соғып, күші 15-20 м/с артады.

Қостанай облысының> кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болжанады. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні күндіз 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Ақтөбе облысын>ың> кей жерлерінде тұман, облыстың солтүстік-батысында күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, жылдамдығы - 18 м/с.

Маңғыстау облысында> оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады.

Түнде Қарағанды облысынның> кей жерлерінде -35 градусқа дейінгі қатты аяз күтіледі.

Түркістан облысының> кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Шымкент қаласында> сондай-ақ тұман, көктайғақ болжанады.

Батыс Қазақстан облысының> кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с.