28.12.2020, 11:20

Аялдамадағы қан Өскемен тұрғындарын шошытып жіберді

Фото: Instagram.com/uka.obiavleniia
Полиция күдікті анықталғанын, қажет тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Өскемен тұрғындарын аялдамадағы қан шошытты. Фото әлеуметтік желіде жарияланды. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті аялдамада не болғанын айтты, деп хабарлайды YK-news.kz порталы. 

"27 желтоқсанда 54 жастағы өскемендік жарақат алып, медициналық мекемеден көмек сұраған. Ер адам мен оның танысы аялдамада жанжалдасып, олар жарақат алған", - делінген хабарламада.

Полиция күдікті анықталғанын, қажет тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Тегтер: аялдама