Жуалы ауданынан «Nur Otan» партиясынан облыстық және аудандық маслихатқа кандидаттар Роза Махабатқызы мен Ермек Сайтбайұлы «ZOOM» платформасы арқылы білім саласының қызметкерлерлерімен онлайн кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Әлемдік пандемия салдарынан жаңа оқу жылында облыстағы 442 мектептің 235-і қашықтықтан оқу жүйесімен оқытылды. Ал 207 мектеп дәстүрлі түрде білім беуді жалғастырды. 206,9 мыңнан астам жамбылдық оқушы отандық білім беру платформаларының көмегімен қашықтықтан оқу мүмкіндігіне ие болды.
Өз кезегінде «Nur Otan» жергілікті жерде осынау шаралардың өз деңгейін ұйымдастырылуына ықпал етті. Салаға серпін берудің нақты жоспарға партияның алдағы 5 жылдық сайлауалды бағдарламасында да басымдыққа ие бағытқа жатады.
– Білім беру саласын жаңғыртуда партияның пәрменімен 4 жаңа мектептің құрылысы жүргізіледі. Және 77 мектеп күрделі жөндеуден өтеді.
Мемлекеттік, техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарын бітіргеннен кейін түлектерді бірден жұмысқа орналастырудың тетіктері қарастырылады. Олардың техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарын бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналастырудың қамын жасайтын боламыз, – деді кандидат Ермек Сайтбайұлы.
Онлайн кездесуде білім саласы қызметкерлерінің айтарына құлақ түріп, алдағы сайлау науқанында ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән беретін «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді