Жаңалықтар 29.12.2020 сағат 08:52

Әскери қызметшілер жаңа жыл қарсаңында балаларға қардан мүсіндер жасап берді

Ақтөбе гарнизонының әскери қызметшілері балаларды қуантып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Әскери қызметшілер жаңа жыл қарсаңында балаларға қардан мүсіндер жасап берді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әскери қызметшілер Ақтөбе қаласындағы Тұңғыш Президент саябағына қардан мүсін, сырғанақ жасады, деп хабарлайды облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі. 

Ақтөбе гарнизонының әскери қызметшілері балаларды қуантып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. 

"Балаларға сый жасау үшін ұжым осындай шешім қабылдады. Мультфильм кейіпкерлерімен қатар, Аяз ата, Ақшақар, тышқан мен сиырдың бейнесін қардан жасап, боялды. Сонымен бірге сырғанақ жасалды. Ақтөбе қаласында ақылы саябақ көп, ал әскер гарнизон кішкентай ақтөбеліктердің тегін қыдыруына мүмкіндік жасады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, әскери қызметшілер бар болғаны екі күнде оннан астам мүсінді қардан жасады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар