$ 494.87  520.65  4.91

«Иненің ұшындағы қабын алмаған»: желіде Сапарбаевтың екпе салдырған сәті қызу талқылануда (ФОТО)

"Салған жерін қолмен жауып тұр ғой. Кімді ақымақ көреді? Көзбояушылық әншейін"...
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Аптиек Тұржанов есімді азамат Facebook-тегі топтардың бірінде Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың коронавирусқа қарсы қазақстандық екпені салдырып жатқанына сенімсіздік танытты. Оның айтуынша, шенеунікке "салып жатқан" иненің сырты қабымен жабылып тұр екен, деп жазды paryz.kz.

"Сапарбаев вакцина алып жатыр, үлгі көрсетіп. Иненің ұшындағы қабын алуды ұмытып кеткен. Ұсталып қалып отыр. Суретті үлкейтсе анық көрінеді. Бұлар көзді бақырайтып қойып алдауға көшкен", - дейді жазба авторы.

Осыдан кейін суретті үлкейтіп көрген көпшілік бұл пікірді бірауыздан құптай жөнелді. Мысалы, желі қолданушы Дидар Айтбаев: "Хотя бы өтірік болса да витамин салдыра салмай ма?" - десе, Мақсат Асанов: "Бұлар егер шынымен халықты алдап отырса, бұл вакцина қауіпті. Алдап, қырып-жояйын деп жатқан шығар", - деп әжептәуір күдіктеніп қалыпты.

Ал келесі пікір иесі Базаркүл Оралбаева: "Салған жерін қолмен жауып тұр ғой. Кімді ақымақ көреді? Көзбояушылық әншейін", - деп түңілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары