$ 498.34  519.72  4.85

Атырау облысында 30-ға жуық адам сушиден уланып қалды

"Науқастардың бәрінде іш өту, жоғары температура, жүрек айнуы, құсу және жалпы әлсіздік, улану белгілері байқалды. Ауруханаға жатқызылған адамдардың жағдайы "орташа ауыр"..."
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Атырау облысында сушиден уланған тұрғындар саны 29 адамға жетті. Олардың 21-і ауруханада ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 27-28 желтоқсанда Жылыой аудандық орталық ауруханасына тағам токсикоинфекциясы диагнозымен 29 науқас келіп қаралған. Оның ішінде 4 науқас стационарға жатудан бас тартса, 4 науқас үйіне амбулаторлы ем алуға жіберілген. 21 науқас стационарға жатқызылған.

"Уланған науқастардың бәрі 24 желтоқсанда "Три самурая" дәмханасынан алған сушиді жеген. Ауруханада жатқан науқастар жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылып, тиісті ем-дом шараларын қабылдауда. Науқастардың бәрінде іш өту, жоғары температура, жүрек айнуы, құсу және жалпы әлсіздік, улану белгілері байқалды. Ауруханаға жатқызылған адамдардың жағдайы "орташа ауыр", - дейді Жылыой аудандық орталық ауруханасының директоры Нұрбек Үкібаев.

Қазір осы фактіге қатысты құқық қорғау органдары мен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары тексеру жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары