$ 448.15  483.46  4.86

Сәкен Майғазиев бастаған өнер адамдары UFC файтері Шавкат Рахмоновқа су жаңа көлік сыйлады (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде тараған видеоға қарасақ, көлікті бір топ азамат жиналып әперген. Спортшыға көлік кілті Шымкентте табысталған.
instagram.com/shavkatrakhmonov94
instagram.com/shavkatrakhmonov94

Әбу-Дабиде UFC лигасында дебютін сәтті өткізген қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновқа отандастары автокөлік сыйлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған видеоға қарасақ, көлікті бір топ азамат жиналып әперген. Спортшыға көлік кілті Шымкентте табысталған. Видеода жақында «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директорының міндетін атқарушысы болып тағайындалған әнші Сәкен Майғазиев пен елордадағы «Жастар» театрының директоры, актер Әділ Ахметовті байқауға болады.

Бұл - қазақ жігіттерінің ниеті. Батыр жаяу жүрмесін дедік. Ол қазақ жігіттері үшін сын емес пе дедік. Сондықтан болар, елдің жігіттері болып қазақ жігіттері атынан Шавкат бауырымызға тұлпар, - дейді видеода Әділ Ахметов.
Рахмоновқа сыйланған көліктің Toyota Camry 70 екенін байқауға болады.

Айта кетейік,  Рахмонов 24 қазанда UFC-дегі дебюттік жекпе-жегін сәтті өткізді. Ол Әбу-Дабидегі Яс аралында UFC 254 турнирінде 32 жастағы бразилиялық Алекс Оливейраны бірінші раундта жеңді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары