Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус 170 адамнан коронавирус пневмониясы анықталып, 5 адам аталмыш дерттен қайтыс болды, деп хабарлайды Coronavirus2020.kz сайты.
Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 89 адам сауығып шықты. 2020 жылдың тамызынан бері коронавирус пневмониясымен ауырғандар саны 45630 адамды құрап, 498 адам қайтыс болды. Жазылып шыққандар саны 32982.