Хорватияда жойқын жер сілкінісі болды. Соңғы мәліметтер бойынша, жеті адам қаза тапқан, - деп хабарлайды Euronews.com.
Жер асты дүмпулерінің магнитудасы - 6,3. Эпицентр ел астанасы Загребтен оңтүстік-шығысқа қарай 46 шақырым жерде орналасқан.
Зардап шеккендердің көбі ғимараттардың шамамен 90 пайызы қираған Глина қаласының маңынан табылды.
Петрина мен Сисак қаласы да айтарлықтай зардап шеккен. Ондаған адам ауруханаға жатқызылды, көбі хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде.
Кей балалар үйінді астында қалған.