$ 446.49  475.38  4.79

Ақтөбеде гинекологтың қабылдауында болған 20 жастағы келіншек көз жұмған

Олардың айтуынша, келіншек анафилактикалық шоктан қайтыс болған.
Фото: diapazon.kz
Фото: diapazon.kz

Ақтөбеде жеке клиникада қайтыс болған жас келіншектің өліміне қатысты сот басталды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Былтыр гинекологтан ем алмақшы болған 20 жастағы Гүлдана Нұрмағанбетова екпе салғаннан кейін есінен танып қалған. Соған қарамастан дәрігер құрсағын тазартуға кіріскен.

Қыршын кеткен келіншектің өліміне қатысты акушер-гинеколог сот алдында жауап беріп жатыр. Ол келіншекке сол күні ем-дом жасаған. Ал қандай дәрі егу керектігін айтқан жеке клиниканың басшысы куәгер ретінде жауапқа тартылыпты. Бірақ дәрігерлер Гүлдана Нұрмағанбетованың өліміне еш қатысымыз жоқ деп отыр. Олардың айтуынша, келіншек анафилактикалық шоктан қайтыс болған. Ал айыптау актісінде жатыр жолын тазартуға екпе салып, гидротрубация деп аталатын емге кіріскен кезде жаны үзіліп кеткені айтылған. Онымен қоса дәрінің мөлшерін арттырып жібергені анықталған. Осының кесірінен келіншектің құрсағы жарылады. Қара жамылған отбасы соттан кінәлілерді жазалауды талап етіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары