30 желтоқсанында Қазақстан аумағына Нидерланды, Ұлыбритания, Мысыр, Түркия, БАӘ, Беларусь және Өзбекстан елдерінен 9 халықаралық әуе рейсімен 1 258 жолаушы келді. Олардың ішінде теріс нәтижесі бар ПТР-анықтамамен 1 044 адам келсе, 214 қазақстандықта тиісті анықтама болмаған.
Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Оның ішінде:
Алматы әуежайына – 4 рейс (526 жолаушы, анықтамамен – 510, анықтамасыз – 16);
Нұр-Сұлтан әуежайына – 3 рейс (469 жолаушы, анықтамамен - 286; анықтамасыз – 183);
Атырау әуежайына – 2 рейс (263 жолаушы, анықтамамен - 248; анықтамасыз – 15).
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестілеуден өтті және карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Ал 29 желтоқсанында Шарм-Эль-Шейх – Қостанай рейсімен анықтамасыз келген 11 жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.