31.12.2020, 21:30

Ақмола облысының әкімі коронавирус жұқтырды

Фото: ашық дереккөзі
Қазір аймақ басшысы Көкшетау қаласындағы ауруханалардың біріне жатқызылды.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы kokshe-kontent.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Инсайдерлік ақпаратқа сенсек, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев коронавирустық инфекцияны жұқтырды. Қазір аймақ басшысы Көкшетау қаласындағы ауруханалардың біріне жатқызылды. Облыс әкімі ПТР тест тапсырып, коронавируспен ауырғаны расталды - делінген хабарламада.