Түркияда коронавирустың таралуына байланысты 4 қаңтарға дейін комендат сағаты енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Коменданттық сағат 31 желтоқсан жергілікті уақытпен 21:00 бастап 4 қаңтар сағат 05:00 дейін жалғасады.
Соңғы тәулікте Түркияда 14 мың адамнан коронавирус анықталып, 239 адам көз жұмған.